Педагог-психологтеріне арналған облыстық психологиялық консалтинг өткізіледі
✔️Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми - әдістемелік «Дарын» орталығы ағымдағы жылдың 07 қарашасында жалпы білім беретін ұйымдардың педагог-психологтеріне арналған облыстық психологиялық консалтинг өткізілетінін ақпарат етеді.
📚Мақсаты: жалпы білім беретін ұйымдардың педагог-психологтерін балалардың қабілеті мен дарындылығын диагностикалау, дамыту және қолдаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
🔹Қатысушылар: жалпы білім беретін ұйымдардың педагог-психологтері.
🔸Қатысушылар саны: квотаға сәйкес қала мен аудандардың жалпы білім беретін ұйымдарының 50 педагог-психологтері.
🔸Өтетін орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
🕰️Өтетін уақыты: сағ. 9.30 қатысушыларды тіркеу
Басталуы: 10.00