Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Педагогтерге арналған «Жасанды интеллект – мұғалімнің көмекшісі ретінде» атты ақпараттық кездесу өтті

Педагогтерге арналған «Жасанды интеллект – мұғалімнің көмекшісі ретінде» атты ақпараттық кездесу өтті

Дарын Орталығы

Іс-шараның негізгі мақсаты – мұғалімдерге арналған тегін онлайн курсты таныстыру, білім беру саласында жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету, сондай-ақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру болды.

Кездесу Семей қаржы - экономикалық колледжінің конференц - залында өтеді. Іс-шараға облыстық және қалалық білім ұйымдарының басшылары, әдістемелік орталық мамандары, педагогтер және БАҚ өкілдері қатысты.

Курс ерекшеліктері мен артықшылықтары:

«Daryn Ustaz» орталығының өкілдері курс мазмұнымен таныстырып, оның практикалық құндылығына тоқталды.  

Курс қатысушылары:

- Сабақ жоспарларын, тестілерді, талдауларды, БЖБ/ТЖБ сияқты құжаттарды жасанды интеллект көмегімен автоматтандыруды үйренеді;

- икемді оқу уақыты нәтижесінде жұмыспен қатар білім алуға мүмкіндікке ие болады;

- конкурсқа жоба жіберу арқылы үздік 400 педагог қатарынан таңдалып, Астанада өтетін ПедХакатонға жолдама алады;

- сондай-ақ Хакатон жеңімпазы атанған 20 педагог Оңтүстік Корея мемлекетінде өтетін тағылымдамаға жолдама алады.

Облыстық білім басқармасы мен әдістемелік орталықтар педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытуда маңызды рөл атқарады. Облыстың барлық ұстаздары тегін онлайн курсқа қатысуға шақырады.  

Курс нәтижесі бойынша 80 академиялық сағаттық ресми сертификат беріледі. Сертификат аттестацияда жарамды, сондай-ақ «ҰСТАЗ» Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасына енгізіледі.