«Qabilet» қызметі» облыстық вебинар өтеді
📲Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми- әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес «4К» қабілетін анықтау» жобасы бойынша «Qabilet» қызметі» тақырыбында Google Meet платформасында облыстық вебинар өтеді.
🔹Вебинардың мақсаты - балалардың 4 «К» сыни ойлау, шығармашылық, қарым-қатынас және ынтымақтастық сынды дағдыларын диагностикалауда облыс мектептерінің жауапты мамандарының, аудан әдіскерлерінің озық іс-тәжірибелерімен тәжірибе алмасу.
🛎️Вебинардың өту уақыты: 24 желтоқсан 2025 жыл, сағат 11:00.
Вебинар қатысушылары: «Qabilet» қызметіне жауапты аудан әдіскерлері, мектептегі жауапты мамандар, педагог-психологтер, кәсіби бағдар беру педагогі.