Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Республикалық Ұлттық мектеп лигасының облыстық іріктеу кезеңі өткізілді

Республикалық Ұлттық мектеп лигасының облыстық іріктеу кезеңі өткізілді

Дарын Орталығы

🏐2026 жылдың 26-30 қаңтар күндері Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығының» жоспарына сәйкес, Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей қаласы бойынша №1 облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де Республикалық Ұлттық мектеп лигасының облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.

📌Лигаға қала, аудандардан 5-6 сынып, 7-8 сынып және 9-11 сынып қыздар арасында 32 команда, 271 спортшы бақтарын сынады.
Жарыс мектеп оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырды, өйткені өз жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар республикалық жарыстарда Абай облысының намысын қорғау құқығына ие болады. Жарысқа қолдау көрсеткен Абай облысы дене шықтыру және спорт басқармасы. Ойын өте жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Жарыста әділ төрелік еткен төрешілерге алғыс білдіреміз!

5-6 сыныптар арасындағы қорытынды бойынша:
🥇орын - Семей қаласы, «№51 ЖОББМ» КММ;
🥈орын -Үржар ауданы «Жүзағаш орта мектеп-бақшасы» КММ;
🥉 орын - Жарма ауданы, «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ;

7-8 сыныптар арасындағы қорытынды бойынша:
🥇 орын - Семей қаласы, «№22 ЖОББМ-лицейі» КММ;
🥈 орын - Үржар ауданы «Жүзағаш орта мектеп-бақшасы» КММ;
🥉орын -Мақаншы ауданы «Найманбай орта мектебі» КММ;
9-11 сыныптар арасындағы қорытынды бойынша:
🥇 орын - Семей қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ;
🥈орын - Мақаншы ауданы, «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ;
🥉 орын -Курчатов қаласы, «№4 ЖББОМ» КММ;
🌟Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!👏👏👏