«Рortfolio» облыстық зияткерлік ойыны онлайн өтеді
✔️Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» ұйымдастыруымен «Рortfolio» облыстық зияткерлік ойыны онлайн өтеді.
Байқаудың мақсаты - аймақтық компонентті пайдалана отырып, оқушылардың және колледж студенттерінің іздестіру-зерттеу және жобалау қызметінің дағдыларын қалыптастыру;
- өзінің кіші Отанын білетін және сүйетін азамат пен патриотты тәрбиелеу:
- зерттеу арқылы балаларды ұлттық дәстүрлерге, ауылдардың, облыс қалаларының тарихи және мәдени ерекшеліктеріне баулу;
- қатысушылардың топтық жұмыс дағдыларын, шешендік өнерін дамыту, өз пікірін қорғай білуге үйрету.
«Рortfolio» зияткерлік ойыны берілген тақырыптар бойынша өткізіледі:
• Ғылым мен білімнің ең үздік адамдары, олардың саланың дамуына қосқан үлесі.
• Туған өлкемнің мәдени және шығармашылық адамдары: өлкенің мәдени келбетін дамытуға үлес қосқан жазушылар, суретшілер, музыканттар.
• Еңбек ерлері: туған жердің ауыл шаруашылығын дамытуға қатысу.
• Экономикалық және әлеуметтік даму: туған өлке халқының өмірін жақсартқан үздік кәсіпкерлер, жаңашылдар, қоғам қайраткерлері.
• Атақты адамдардың мұрасы мен әсері: олардың қызметі аймақты өзгертті.
Өткізу уақыты: 13 наурыз 2026 жылы– І кезеңі онлайн, 31наурыз – ІІ кезеңі онлайн (ZOOM платформасында) өтеді. Өтінімдер 2026 жылғы 20 ақпанға дейін, конкурсқа қатысушылардың жұмыстары 2026 жылғы 06 наурызға дейін daryndy_anyktau_kolday@mail.ru эл.почта бойынша қабылданады. Анықтама телефондары: 87028515988 (WhatsApp) Нуркасымов Дархан Тлеугазыевич