Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми–әдістемелік «Дарын» орталығы» ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Шыңғыстаудың Шәкірі» шығармашылық байқауы қашықтықтан өтті.
🔹Мақсаты:Ш.Әбеновтың әдеби мол мұраларын зерделеу арқылы жас қатысушылардың зерттеушілік дағдыларын жетілдіру, инновациялық идеяларын кеңейту.
🔹Байқау «Өлең-өнер,ойыншық емес ермек», «Ән мен күйім-халқыма сыйым» «Тарих мені шығармас мәңгі естен...» бағыттары бойынша ұйымдастырылды. 🔹Байқауға 30 жуық оқушы қатысты.
🔹Қатысушылар ауыз әдебиетiнiң айтулы бiлгiрi, шежiрелі қария, батагөй Шәкір ақынның өлеңдерін, поэмаларын мәнерлеп оқып, әндерін музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындады. Шәкір атамыздың күйін тартты. Жас зерттеушілердің абыз тұлғаның ақындық және қайраткерлік қырларын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ақынның өмірі мен шығармашылығынан жазған зерттеушілік жоба жұмыстарының тұсаукесері Google mett платформасында өтті.
🔹Ғасыр тұлғасы Ш. Әбеновтың шығармашылығына қызығушылық танытып, байқауда белсенділік көрсеткен барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.
Өмірі тарих, өнегесі дастан Шәкір бабамыздың мол мұралары ұрпақтан ұрпаққа жете берсін!
https://drive.google.com/drive/folders/14P1RwcuLXvBU-yeAnfowlX83XUG3XeH7?usp=sharing
https://drive.google.com/drive/folders/1-WPspW4SQb8Y6unSMIAbk6UC9DJu2UBd?usp=sharing
Осы сілтеме арқылы диплом мен сертификаттарды жүктей аласыздар!