Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Смарт Сарбаз–2026» компьютерлік таланттардың қашықтықтан облыстық чемпионаты өтті

«Смарт Сарбаз–2026» компьютерлік таланттардың қашықтықтан облыстық чемпионаты өтті

Дарын Орталығы

Абай облысының білім басқармасы ММ, 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 3 наурызында Абай облысының қалалары мен аудандарының мектептерінде «Смарт Сарбаз–2026» компьютерлік таланттардың қашықтықтан облыстық чемпионаты өтті.
Чемпионат қатысушылардың 3 жас топтары үшін жеке нұсқалар бойынша өткізілді: 1 санаты – 5-6 сыныптар;
2 санаты – 7-8 сыныптар;
3 санаты – 9-10 сыныптар.
Чемпионат қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
Чемпионатқа аудан, қаладан 351 оқушы қатысып, 59 оқушы жүлделі орынға ие болды.
5-6 сынып -107 оқушы қатысып, жүлделі орын 22 оқушы;
7-8 сыныптар арасынан 106 оқушы қатысып, жүлделі орын 37 оқушы;
9-10 сыныптар арасынан 138 оқушы қатысып, Оқушылар тестілеу қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсете алмады.
Чемпионат жеңімпаздары дипломдармен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар (дипломдар мен сертификаттар электрондық форматта) беріледі.