Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Табиғаттың алтын қоры – адамзат аманаты» фестивалі өткізілді

«Табиғаттың алтын қоры – адамзат аманаты» фестивалі өткізілді

Дарын Орталығы

✔️2026 жылдың 9-21 қаңтар аралығында 11 қаңтар - Дүниежүзілік қорықтар мен ұлттық парктер күніне орай «Табиғаттың алтын қоры – адамзат аманаты» фестивалі өткізілді.


​Мақсаты:
Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық сананы қалыптастыру.

​Міндеттері:
– Табиғатты қорғау тақырыбындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– Экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
– Оқушылардың белсенділігін арттыру.

​Фестиваль бағыттары бойынша

1) 1-4 сынып аралығында «Менің экобақшам», «Экоойындар мен экоквестер», «Экоертегі», «Табиғат тілімен сырласу» жобалары бойынша сынып сағаттары өткізілді.
2) 5-7 сыныптар аралығында «Жас экологтар», «ЭкоОлимп», «Жасыл мектеп», «Таза өзен - таза өлке», «Қалдықтарды қайта өңдеу және экологиялық дизайн», «Жер –Ана – ортақ үйіміз» атты тақырыптарында сурет байқауы ұйымдастырылды.
3) 8-9 сыныптар аралығында «Мектеп эко-зертханасы» иновациялық бастамасы бойынша пікірталас, зияткерлік ойындар өткізілді.
10-11 сынып оқушылары арасында «Менің өңірімнің экологиялық паспорты», «Жасыл өндіріс», «ЭкоКәсіп», «Цифрлық экомониторинг» жобасы аясында дөңгелек үстел, конференциялар өткізіліп және жоспарланған іс-шаралар бойынша барлық жұмыстар ұйымшылдықпен атқарылды.
 

​​Қатысушылардың жалпы саны: 5670 оқушы.

​Фестивалге Жарма, Аягөз, Мақаншы, Бесқарағай, Жаңасемей аудандарының және Семей қаласының білім беру ұйымдары белсенділік танытты.