«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚ»әскери-патриоттық бейнероликтер байқауы өткізіледі
«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚ»
әскери-патриоттық бейнероликтер байқауына қатысуға шақырамыз!
БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ.
Байқауға 14–17 жас аралығындағы Абай облысының қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беру мекемелерінің және облыстық мамандырылған білім беру ұйымдарының «Жас сарбаз» жасөсірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысады.
БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ.
Байқауға жұмыстарды қабылдау 2025 жылдың 8–12 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.
Байқау 2025 жылдың 19 желтоқсанында аяқталады.
БЕЙНЕРОЛИК КЕЛЕСІ АТАЛЫМДАР БОЙЫНША ҚАМТЫЛАДЫ:
– «Мен өз елімнің патриотымын»;
– «Әскери борыш – азаматтық парыз»;
– «Мен әскерге барамын»;
– «Әскери-патриоттық тәрбие – дәл бесіктен»;
– «Мен болашақ әскери қызметкер боламын».