«Тәуелсіз елдің тірегі-болашақ ұрпақ» облыстық әскери-патриоттық бейнероликтер байқауы қашықтықтан өткізілді
⚜️«Абай облысының білім басқармасы» ММ Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жастарды өз отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу, бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау қоғамға белсене араласуына көмектесу, жастарды өзінің еліне деген сүйініспеншілікке тәрбиелеу, қоғамыздағы өзгерістердің барлығына жастардың араласуына бірдей ықпал жасау мақсатында 2025 жылдың 19 желтоқсанында «Тәуелсіз елдің тірегі-болашақ ұрпақ» облыстық әскери-патриоттық бейнероликтер байқауы қашықтықтан өткізілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
Байқауға аудан, қаладан 19 оқушы қатысты.
🎥 «Тәуелсіз елдің тірегі - болашақ ұрпақ» әскери-патриоттық бейнероликтер байқауының «Мен өз елімнің патриотымын» аталымы бойынша:
1 орын – Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ
«Жеті дара» командасы;
2 орын – Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 ЖОББМ» КММ оқушысы Нұрқұсыман Гулина;
3 орын- Бородулиха ауданы «Песчанка орта мектебі» КММ оқушысы Қыстаубаева Роза.
«Мен әскерге барамын» аталымы бойынша:
1 орын – Бородулиха ауданы «Красный Яр орта мектебі» КММ оқушысы Чернышев Игор;
2 орын – Семей қаласы білім бөлімінің «№11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары;
«Әскери борыш азаматтық парыз» аталымы бойынша:
1 орын – Көкпекті ауданы білім бөлімінің «Преобреженка орта білім беретін мектебі» КММ оқушысы Рафиков Расим;
2 орын – Бородулиха ауданы «Красный Яр орта мектебі» КММ оқушысы Русаков Тимофей;