«Тең мүмкіндіктер» атты балалар инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңі өтті
🏛️2025 жылдың 28 қазаны күні Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» мен «AMANAT» партиясы «қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалы» бірлесіп 3-4, 5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында «Тең мүмкіндіктер» атты балалар инклюзивті спорт фестивалінің (бочча, біз жеңімпаз боламыз және жеңіл атлетика) облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңге қала, аудан мектептерінен 72 оқушы қатысты.
🔗Мақсаты: Инклюзивті спорттық-мәдени іс-шараларды өткізу арқылы әлеуметтік белсенділікті, сенім мен өзара сыйластықты арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың құрдастары арасындағы достық байланыстарды нығайту, сыйластықты арттыру.
🔷Жарыс нәтижесі бойынша 1 орынды:
Бочча» 4 команда;
«Біз жеңімпаз боламыз» 5 команда;
«Жеңіл атлетика» 3 команда иеленді.
2 орынды:
«Бочча» 3 команда;
«Біз жеңімпаз боламыз» 3 команда;
«Жеңіл атлетика» 3 команда иеленді.
3 орынды:
Бочча» 1 команда;
«Біз жеңімпаз боламыз» 2 команда;
«Жеңіл атлетика» 1 команда иеленді
Инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңінде төрелік еткен төрешілер алқасына алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздар медальдар, грамоталар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
🔹Жеңімпаз командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!