«Туған өлкеміздің экологиялық мәселелері және шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

☑️Аталған іс-шараға «Семей тазалық» ЖШС, «Семей Орманы» мемлекеттік орман резерваты, «Өндірістік компания «Семей цемент зауыты» ЖШС, Теплокоммунэнерго» МКК, «Жер елшілері» пұлы қатысты.

🔻Талқыланған сұрақтар:
- туған өлкеміздің жерлерінің экологиялық ахуалы;
- осы мәселелерді шешу жолдары;
- қаламыздың тазалығы мен көркеюіне қолға алынып жатқан шаралар.

🔻Күтілетін нәтижелер:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы мен «Тұрақты даму» Жер Қоры жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Жер елшілері» креативті жастардың Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы» әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеу және іске асыру арқылы балалар мен жастардың экологиялық мәселелерді, атап айтқанда, біздің ғаламшарымыздың климатының өзгеру мәселелерін шешуге барынша кең назарын аудару мақсатында ауқымды жобасын бастады.

Осы жоба аясында облысымызда дебат мүшелері, мектеп парламенті, экологиялық бағытта ғылыми жұмыстармен айналысатын оқушылар тобынан тұратын «Жер елшілері» пұлы құрылып, экологиялық бағытта мектеп оқушылары мен жастарға қоршаған ортаға ұқыпты және жаупкершілікпен қарауға және табиғи ресурстарын ұтымды пайдалануға насихат жүргізу.