Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Ұлттық мектеп лигасының баскетболдан 🏀 қыздар арасында облыстық іріктеу кезеңі өткізілді

Ұлттық мектеп лигасының баскетболдан 🏀 қыздар арасында облыстық іріктеу кезеңі өткізілді

Дарын Орталығы

2026 жылдың 09-13 ақпан күндері Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығының» жоспарына сәйкес, Семей қаласы білім бөлімінің «№46 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 🏫 Республикалық Ұлттық мектеп лигасының баскетболдан 🏀 қыздар арасында облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.
Лигаға қала, аудандардан 5-6 сынып, 7-8 сынып және 9-11 сыныптар арасында 26 команда, 210 спортшы 🏃‍♀️ бақтарын сынады. Жарыс мектеп оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырды 🔥, өйткені өз жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар республикалық жарыстарда Абай облысының намысын қорғау құқығына ие болады 🇰🇿🏆.

Жарысқа қолдау көрсеткен Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс білдіреміз 🤝. Ойын өте жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті ⭐. Жарыста әділ төрелік еткен төрешілерге алғыс білдіреміз!

🏀 «Үздік ойыншылар»

1️⃣ 5-6 сыныптар арасында «Үздік ойыншы» – Абрешова Еркежан 🥇
Жаңасемей ауданы, «А. Ибраев атындағы ЖОББМ» КММ командасының ойыншысы

2️⃣ 7-8 сыныптар арасында «Үздік ойыншы» – Бейсембай Гүлім 🥇
Мақаншы ауданы, «Мақаншы орта мектеп-бақшасы» КММ командасының ойыншысы

3️⃣ 9-11 сыныптар арасында «Үздік ойыншы» – Сысоева Арина 🥇
Семей қаласы, «Н.Г. Чернышевский атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасының ойыншысы

🏆 5-6 сыныптар арасындағы қорытынды бойынша:
🥇 1- орын - Жаңасемей ауданы, «А. Ибраев атындағы ЖОББМ» КММ;
🥈 2- орын – Бородулиха ауданы, «Н. Островский атындағы орта мектебі» КММ;
🥉 3- орын - Үржар ауданы, «Кішкенетау орта мектеп-бақшасы» КММ;

🎉 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 👏🏀🏆