Ұлттық мектеп лигасының баскетболдан облыстық іріктеу кезеңі өткізілді
2026 жылдың 02-06 ақпан күндері Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығының» жоспарына сәйкес, Семей қаласы білім бөлімінің «№50 IT-мектеп-лицейі» КММ-де 🏫 Республикалық Ұлттық мектеп лигасының баскетболдан 🏀 облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.
Лигаға қала, аудандардан 5-6 сынып, 7-8 сынып және 9-11 сынып ұлдар арасында 26 команда, 218 спортшы 🏃♂️ бақтарын сынады. Жарыс мектеп оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырды 🔥, өйткені өз жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар республикалық жарыстарда Абай облысының намысын қорғау құқығына ие болады 🇰🇿🏆.
Жарысқа қолдау көрсеткен Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс білдіреміз 🤝. Ойын өте жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті ⭐. Жарыста әділ төрелік еткен төрешілерге алғыс білдіреміз! 👏⚖️
🏀 «Үздік ойыншылар»
1️⃣ 5-6 сыныптар арасында «Үздік ойыншы» – Мубараков Әли 🥇
Аягөз ауданы, «Жамбыл Жабаев атындағы ЖОББМ» КММ командасының ойыншысы
2️⃣ 7-8 сыныптар арасында «Үздік ойыншы» – Базарбеков Азамат Ергенұлы 🥇
Жаңасемей ауданы, «Шүлбі ЖОББМ» КММ командасының ойыншысы
3️⃣ 9-11 сыныптар арасында «Үздік ойыншы» – Айтқазы Алтынбек Арманұлы 🥇
Үржар ауданы, «Б. Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ командасының ойыншысы
🏆 5-6 сыныптар арасындағы қорытынды бойынша:
🥇 1- орын - Аягөз ауданы, «Жамбыл Жабаев атындағы ЖОББМ» КММ;
🥈 2- орын - Семей қаласы, «№29 Пальмира ЖОББМ» КММ;
🥉 3- орын - Жарма ауданы, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ;
🏆 7-8 сыныптар арасындағы қорытынды бойынша:
🥇 1- орын - Жаңасемей ауданы, «Шүлбі ЖОББМ» КММ;
🥈 2- орын - Бесқарағай ауданы, «Малая-Владимировка орта мектебі» КММ;
🥉 3- орын - Аягөз ауданы, «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ;
🏆 9-11 сыныптар арасындағы қорытынды бойынша:
🥇 1- орын - Үржар ауданы, «Б. Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ;
🥈 2- орын - Семей қаласы, «Қ. Сәтпаев атындағы №2 ЖОББМ» КММ;
🥉 3- орын – Бесқарағай ауданы, «№1 ЖББОМ» КММ;
🎉 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 👏🏆🇰🇿