Ұлы Отан соғысы жеңісінің 80 жылдығына арналған АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтаудан қашықтықтан жарыс өтті.
🔹Жарыстың мақсаты: өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілердің әскери-қолданбалы дайындығын жетілдіру.
🔹Жарысты Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әскери-патриоттық бағытты дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді.
🔹Жарыстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
Жарысқа аудан, қаладан 43 оқушы, 20 ұл, 23 қыз бала қатысып өз ара бақ сынасты.
🔹Жарыс қорытындысы бойынша «Автоматты толық емес бөлшектеу» кезеңінде 5-7 сынып ұлдар арасында жеке есепте жеңіс иелері:
🥇орын – Сұлтанов Мейрам, Үржар ауданы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ;
🥈орын – Жетен Сырым, Үржар ауданы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ;
🥉орын – Сайлаубеков Саят, Үржар ауданы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ.
«Автоматты толық емес жинақтау» кезеңінде 5-7 сынып ұлдар арасында жеке есепте жеңіс иелері:
🥇орын – Жұмагали Алдияр, Жаңасемей ауданы білім бөлімінің «Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
🥈орын – Сайлаубеков Саят, Үржар ауданы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ;
🥉орын – Сұлтанов Мейрам, Үржар ауданы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ.
Жалпы есепте 5-7 сынып ұлдар арасында:
🥇орын – Жұмагали Алдияр, Жаңасемей ауданы білім бөлімінің «Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
🥈орын – Сұлтанов Мейрам, Үржар ауданы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ;
🥉 орын – Жетен Сырым, Үржар ауданы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ.