Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

 «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді

«Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді

Дарын Орталығы

Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Семей қаласы білім бөлімінің «№ 44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
🔹Байқау номинациялары:
1. Мектеп парламентінің «Біз біргеміз!» шығармашылық презентациясы.
2. Мектеп парламентінің «Жылдың үздік жобасы» презентациясын қорғау.
3. «Шексіз идеялар» бойынша ситуациялық тапсырмалар.
4. «Шығармашылықпен басқару» үй тапсырмасы.
Байқауға білім беру мекемелерінен 15-17 жас аралығындағы 13 мектеп командалары қатысты.
Нәтижесінде:
🥇орын-Ақсуат ауданы білім бөлімінің «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ «Alash Juniors» командасы;
🥈 орын- Аягөз ауданы білім бөлімінің «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ «Самға» командасы;
🥈 орын - Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Малая Владимировка орта мектебі» КММ «Активисты будущего» командасы;
🥉 орын - Абай ауданы білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ «Тұран» командасы;
🥉 орын - Семей қаласы білім бөлімінің «№44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «44 Qadam» командасы;
🥉 орын - Үржар ауданы білім бөлімінің «Абылай хан атындағы орта мектеп – бақшасы» КММ «БІРЛІК» командасы;
🥉 орын - Жарма ауданы білім бөлімінің «П.Г.Карелин атындағы орта мектебі» КММ «Мектеп Альянсы» командасы.
Көкпекті ауданы, Курчатов қаласы, Мақаншы ауданы, Бородулиха ауданы, «Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ, Жаңасемей ауданы командалары «Жылдың инновациялық жобасы», «Шығармашылық парламент», «Үздік бастамашы», «Идеялар генераторы» , «Шығармашылық басқару шебері», «Командалық рух» номинацияларымен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!🥳🥳🥳