2025 жылдың 15 сәуірі күні Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен "Абай облысы білім басқармасы" ММ арасындағы меморандум негізінде, Семей қаласы білім бөлімінің "Экономикалық лицей" базасында “VR технологиясын және ELECTUDE бағдарламасын қолдану арқылы автомобильдерді құрастыру және қызмет көрсету” олимпиадасы өтті. Семей қаласының мектептері мен колледждерінен 320 білім алушылар командалық сайысқа түсті.
Жаңа технологияға негізделеген сайыстың сарапшылары:
🔹Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University), М.Тынышбаев атындағы «Көлік инженерия және логистика» мектебі, «Көлік инженерия» білім беру бағдарламасының басшысы Камзанов Нурбол Садыканович
🔹М.Тынышбаев атындағы «Көлік инженерия және логистика» мектебі,
«Көлік инженерия» білім беру бағытының қауымдастырылған профессоры Альпеисов Азамат Турусбекович
🔹М.Тынышбаев атындағы «Көлік инженерия және логистика» мектебі,
«Көлік инженерия» білім беру бағдарламасының 3-ші курс студенті
Саханов Аслан Кайратович.
Олимпиада жеңімпаздары І,ІІ,ІІІ орын дипломдармен марапатталып, қатысқан барлық білім алушыларға сертификат табысталды.
