Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) 2025 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 18-21 маусым күндері аралығында Семей қаласында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында XXVI Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Абай оқулары) өткізді.
📚 65 оқушы «Абай оқулары» республикалық байқауының жүлдегері атанды
⚜️ 8–11 сынып оқушылары арасында өткен XXVI республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауы аяқталды. Биылғы байқау халықаралық мәртебе алып, ұлы ойшыл әрі ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналды.
🌏 Байқау бес номинация бойынша өткізілді. Алғашқы кезеңге 1300-ден астам оқушы қатысса, олардың тек 112-сі финалға өтті, оның ішінде 39-ы ауыл мектептерінің оқушылары. Сонымен қатар Алтай өлкесі, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай және Түрікменстан елдерінен 20 халықаралық қатысушы бақ сынады.
💫 Байқау нәтижесі бойынша 65 оқушы жүлдегер атанды:
🥇 I дәрежелі диплом мен алтын медаль — 15 оқушыға;
🥈 II дәрежелі диплом — 20 оқушыға;
🥉 III дәрежелі диплом — 30 оқушыға берілді.
🔹 Қосымша 20 оқушыға Құрмет грамотасы табысталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
🌍 Халықаралық қатысушылар арасынан да жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтар табысталды:
1. Бүркітбаев Саяқ — Өзбекстан
2. Байдөлетова Айнұр — Түрікменстан
3. Айдос Нұрмағанбет — Моңғолия
4. Үсенбаева Арайлым — Өзбекстан
Сондай-ақ, Маңғыстау облысынан Айберікұлы Алмаз «Абай» журналының арнайы жүлдесін иеленді.
📌 Ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Абай облысының білім басқармасы.
