Ж. Базенұлы атындағы математика, физика пәні бойынша облыстық зияткерлік олимпиада өтті
🔹Абай облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 30 қаңтарында жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушыларына арналған Ж. Базенұлы атындағы математика, физика пәні бойынша облыстық зияткерлік олимпиада Абай облысы, Семей қаласының «Төлеубай Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында өтті.
🔸Олимпиаданың мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту, математика, физика саласындағы білімдерін тереңдету, орта буындағы мектеп оқушылары арасынан математика мен физикаға қабілетті оқушыларды анықтау.
🔹Олимпиаданың жабылу сатланатына Жомарт Базенұлының туыстары қатысушыларға өздерінің ізгі ниеттерін білдірді, жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табыстады.
🔸І жүлделі орынға ие болған қатысушылар 7-8 оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды.
🔹Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.
Олимпиадаға облыстан жалпы 7-8 сыныптан 60 оқушы қатысты.