📊Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.
☑️Облыстық кезеңіне 5-6 сынып оқушыларының іріктеу кезеңінен өткен Абай облысының жалпы білім беретін мекемелерінің 200 жуық оқушысы қатысты.
🔗Олимпиада 8 пәннен өтті:(математика,жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан
тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі).
▫️Олимпиада 30 сұрақтан тұратын бір дұрыс жауабы бар деңгейлік жабық тест тапсырмаларынан тұрды.
Максималды балл - 50.