🔶Жыл сайын Республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-
гуманитарлық бағытындағы 15 жалпы білім беретін
пәндер бойынша 4 кезеңде өткізіледі.
📊Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның
өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды
анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу.
📈Олимпиада дәстүрлі форматта өткізіліп, олимпиада тапсырмалары «Дарын» РҒПО интернет ресурсы арқылы әр кезеңнің басында бір уақытта ұсынылады.
🔻Олимпиада аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстары шифрланып, қазылар
алқасының мүшелеріне тексеруге жіберіледі.
▫️Олимпиада тапсырмалары және олимпиаданың
дұрыс жауаптары «Дарын» РҒПО сайтында жарияланатын болады.
4 қаңтар күні жалпы білім беретін пәндер бойынша
олимпиаданың I туры сағат 10:00-13:00 уақыт
аралығында өткізілсе, 5 қаңтар күні олимпиаданың II
туры өткізіледі.
▫️Республикалық олимпиадаға Абай облысынан жалпы саны 441 оқушы қатысуда.