🔰2025 жылдың 19 мамырында Семей қаласының № 5 өрт сөндіру бөлімінде «Жас құтқарушы» облыстық жарысы өтті.
🔹Жарыстың салтанатты ашылу мен қатысушыларды марапаттау рәсіміне құрметті қонақтар мен ұйымдастырушылар:
- Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Оримбаев Азамат Нубайұлы;
- Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық-әдістемелік «Дарын» орталығы директорының орынбасары Карипбаева Лаура Төлегенқызы;
- Абай облысының төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысты.
Жарысқа қатысушылар үшін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлар кезінде адамдарды құтқаруға арналған құтқару техникасы, арнайы құралдар мен жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды.
«Жас құтқарушы» облыстық жарысының қортындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
1. «Визит карточкасы» байқауы кезеңінде:
🥇 орын – Жаңасемей ауданының командасы;
🥈 орын – Ақсуат ауданының командасы;
🥉 орын – Семей қаласы «Жас құтқарушы» аула клубы командасы.
2.«Өрт эстафетасы» жарысы кезеңінде:
🥇 орын – Жаңасемей ауданының командасы;
🥈 орын – Ақсуат ауданының командасы;
🥉 орын – Бородулиха ауданының командасы.
3.«Алғашқы көмек көрсету» байқауы кезеңінде:
🥇 орын – Семей қаласы «Жас құтқарушы» аула клубы командасы;
🥈 орын – Ақсуат ауданының командасы;
🥉орын – Бородулиха ауданының командасы.
4. «Іздестіру-құтқару жұмыстары табиғи орта жағдайында» жарысы
🥇 орын – Семей қаласы «Жас құтқарушы» аула клубы командасы.
Жалпы командалық есепте:
🥇орын – Семей қаласы «Жас құтқарушы» аула клубы командасы;
🥈 орын – Жаңасемей ауданының командасы
🥉 орын – Ақсуат ауданының командасы
Жеңімпаз жүлдегер командалар дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.
@abai_bilim_basqarmasy
@rspc_daryn
@rumcdo_official
