2025 жылдың 1 шілдесінде Көкшетау қаласының Абылай хан алаңында «Жас құтқарушы» республикалық слетінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының ТЖМ және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы.
🔹Слетті өткізудің негізгі мақсаты – құтқарушы мамандығын дәріптеу, өскелең ұрпақтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою мен дайындық дағдыларын қалыптастыру, төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын игеру және жетілдіру.
🔹Абай облысы атынан 8 оқушыдан құралған «Орион жас құтқарушы» командасы қатысады. Олар - қауіпсіздік, азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар тақырыбына қызығушылық танытқан мектеп оқушылары.
Жоғары жетістіктер мен жеңіске жету жолында командамызға сәттілік тілейміз!👏🏼
