«Жазғы кемпинг» іс-шарасы өткізілді

2025 жылғы 25 маусым Абай облысы білім басқармасының «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Жаңасемей ауданы білім бөлімінің Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі базасында оқушыларға арналған «Жазғы кемпинг» іс-шарасы өткізілді.

🔹 Мақсаты:
Жазғы демалыспен қамтылмаған балаларға белсенді, танымдық және шығармашылық демалыс ұйымдастыру, олардың жаз мезгіліндегі бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік жасау, шығармашылық қабілеттерін дамытып, достық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.

🎯 Кемпинг бағдарламасы аясында келесі аймақтар жұмыс істеді:
▪️ Әскери-далалық жиындар
▪️ Белсенді ойындар алаңы
▪️ Шығармашылық және музыкалық-ойын-сауық аймағы

🎉 Салтанатты ашылу рәсіміне:
Абай облысы білім басқармасының «Дарын» орталығының мамандары, Бөкенші жалпы орта мектебі, Б.Исадилов атындағы орта мектеп және Шақаман мектебінің педагогтері мен 100-ге жуық оқушы қатысты.

🎤 Іс-шара барысында «Дарын» орталығының Дарынды анықтау және қолдау зертханасының басшысы Нұрқасымов Дархан Тлеуғазыұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға мерекелік ән тарту етті.

📸 Балалар іс-шараға ерекше қызығушылықпен қатысып, керемет көңіл күймен белсенділік танытып, ұмытылмас әсер алды!