Мақаншы ауданында – жарқын жазғы демалыс!
2025 жылғы 9 шілдеде Абай облысы білім басқармасының “Дарын” орталығы және «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен Мақаншы ауданында «Жазғы кемпинг» жобасы аясында ауқымды іс-шара өтті.
🎯 Мақсат – оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастырып, шығармашылық әлеуетін, өмірлік дағдыларын дамыту және достық қарым-қатынасты нығайту.
Кемпинг бағдарламасы келесі белсенді аймақтарды қамтыды:
🔹 «Сарбаз алаңы» – әскери-далалық жаттығулар арқылы тәртіп пен патриоттық сезімді қалыптастыру
🔹 «Қимыл мен қуат» – спорттық ойындар мен топтық жарыстар
🔹 «Шабыт әлемі» – шығармашылық, өнер және көңіл көтеру
🔹 «Жарқын жаз – бақытты бала» – психологиялық тренингтер, өзін-өзі реттеу, қауіпсіздік және өмірлік құндылықтар туралы практикалық сабақтар
🎉 Ашылу салтанатына «Дарын» орталығы мен Өңірлік психологиялық қолдау орталығының мамандары және Мақаншы ауданынан 100-ден астам оқушы қатысты.
Шара барысында әскери-патриоттық бағытты дамыту бөлімінің басшысы Болат Анарбекұлы Құрманов қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, дарынды анықтау және қолдау зертханасының басшысы Дархан Тлеугазыевич Нуркасымовта оқушыларға арнап жылы лебізін білдіріп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Психологиялық орталық мамандары да оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, олардың белсенді қатысуына мүмкіндік жасады.
📸 Балалар шараға үлкен қызығушылықпен қатысып, жарқын әсерге бөленді!
