«Жол қозғалысы жас инспекторлары» республикалық слеті өтеді

Бұл – Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары арасындағы командалық біріншілік.

📎Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Жоғарғы Үлбі жазғы лагері.
📎Уақыты: 2025 жылғы 4-13 тамыз.

🔸Слеттің мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жастар жасақтарының тәжірибесін тарату және балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін насихаттау.
Слетке 11–14 жас аралығындағы оқушылардан құралған 7 адамдық команда қатысады.
Байқау бағдарламасы:
1. «Жол жүру ережелерінің білгірлері»;
2. «Үгіт-насихат бригадалары» байқауы;
3. «Велосипедті мәнерлеп тебу»;
4. Қала көшесінде велосипедпен жүру дағдылары;
5. «Жас реттеуші»;
6. «Білгірлер сайысы»;
7. «Жас санитар»;
8. «Үздік жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттаушы»;
9. «Ашық өзгерістер» байқауы.

Абай облысының намысын облыстық кезеңнің жеңімпаздары Бородулиха ауданы, «Н.Островский атындағы орта мектебі» КММ командасы қорғайды.
⠀ Жас инспекторларға сәттілік тілейміз!👏🏻