«Жол қозғалысы жас инспекторлары» республикалық слеті өтті

2025 жылдың 4-12 тамыз аралығында Өскемен қаласында өткен «Жол қозғалысының жас инспекторы» жасақтарының Республикалық слетіне Бородулиха ауылының «Н.Островский атындағы орта мектебі» КММ командасы қатысты.

🔹Республикалық слетін қорытындысы бойынша біздің команда келесі нәтижелерге қол жеткізді:
- «Үгіт-насихат бригадалары» байқауы – 2 орын;
- «Жол жүру ережелерінің білгірлері» – 3 орын;
- және барлық байқаулардың қорытындысы бойынша – жалпы командалық 3 орын.