-
Жазбаларды көрсету 281-300 из 751.

Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі
Байқауда аудандық, қалалық кезеңінің 46 жеңімпазы атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сыныптарының оқушылары өз бақтарын сынады.

21 қыркүйек- Дүниежүзілік тазалық күні. Бүгінгі халықаралық тазалық күніне орай білім беру ұйымдарында «Таза мектеп» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – жұртшылық назарын қоршаған орта тазалығына, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

«Т. Аманов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т. И. Амановтың құрметіне «Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы облыстық семинары өтті.
Іс-шараның мақсаты – математика пәнінен дарынды оқушыларды қалыптастыру және олимпиада тапсырмаларын шешудегі озық тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен бөлісу және жинақтау.

ҚР тұңғыш қорғаныс Министрі, Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетовты еске алуға арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық турнирі
Өтетін күні: 2024 жылдың 26-27 қыркүйек айы. Өтетін орны: Жаңасемей ауданы, Шүльбі кенті "Ұлан" патриоттық орталығы.