Жазбаларды көрсету 1-20 из 66.

ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, “Халық Қаһарманы” С.Нұрмағамбетовты еске алуға арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық турнирінің қортындысы

Турнирдің ашылуы мен жабылу кезеңінде Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Оспанова Светлана Сагидоллаевна, Шүлбі кентінің әкімі Қалиева Арай Сейсенбекқызы, Шүльбі кентінің құрметті азаматы Аккалаков Бекенбай Жаппарович, Абай облысының Қарулы Күштер ардагері Сүлейменов Ержан Аманжолұлы, Ауған соғысы және Қарулы күштер ардагері «А.Бөкейхан университеті» әскери кафедрасының бастығының орынбасары Манасов Айдар Тортайұлы, Шүльбі кентінің бас маманы Антюра Коктай Сейсенбаевич, Ауған соғысы ардагерлері Ахметов Манарбек, Әбділманов Талғат Асқынұлы құрметті қонақтардың қатысуымен турнирдің салтанатты ашылуы мен жабылуы кезеңінде турнир қатысушыларына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

"Әншуақ" республикалық балалар ән байқауы

2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазақ тіліндегі "Әншуақ" республикалық балалар ән байқауы басталды, ол балалардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін қалыптастыру үшін маңызды платформа болып табылады, олардың тұлғалық және шығармашылық дамуына ықпал етеді. Әншуақ-өскелең ұрпақтың мәдени өміріндегі бірегей оқиға.

Ашық диктант

2024 жылдың 5 қыркүйегінде сағат 11.00де (синхронды түрде) облыстың барлық білім беру ұйымдарында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өтетінін хабарлайды.

«Айбын-2024» Жастар жиынына Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттерінен «Жас патриоттар» командалары қатысты.

Жастар жиынында Абай облысының қатысушылары абыроймен өнер көрсетіп, мықты бәсеке жағдайында жүлделі орындарға ие болды.

2024 жылдың 14- 25 маусым аралығында “ Жер- біздің ортақ үйіміз” республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

🔰Мақсаты- білім алушылардың экологиялық мәдениетін және табиғат ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру, балаларды қосымша біліммен қамту.

Өскемен қаласында Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың жарысы өтті.

🔰Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.

2024 жылы 24 -25 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар қаласында 7-11 сынып оқушылары арасында “Мағжан оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық конурсы өткізілді.

🔰Байқаудың мақсаты: алаштың арысы Мағжан мұрасын дәріптеу, жас буынның классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлылар поэзиясының құдіретін сезіну, насихаттау.

2024 жылғы 16-22 маусым аралығында Алматы облысының С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық Әскери институты «Али» оқу орталығында X «Айбын-2024» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.

🔰Жиынға 20 команда облыстар мен қалалардың әскери-патриоттық клубтартарының командалары, 6 команда «Жас Ұлан» Республикалық және әскери мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілері, 18 команда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен құралымдарының әскери-патриоттық клубтарының командалары 700-ден астам жасөспірім мен оқушылар және биыл шет мемлекеттерден Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей командалары қатысты.

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының арасындағы үздік аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл мекен-2024» облыстық байқауы өтеді

🔰Мақсаты – мектепке дейінгі тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларының экологиялық білім деңгейін арттыру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары - жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының қорытындысы.

Фестиваль-байқаудың мақсаты: оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру, заманауи қоғамда музыкалық өнерді насихаттау, музыкалық өнер мен білім берудегі жаңа прогрессивті үрдістермен классикалық дәстүрлердің өзара әрекеттесуін іздеу, балалар музыка мектептері мен өнер мектептерін дамыту, білім алушылардың тұлғасын тәрбиелеудегі, оқытудағы және шығармашылық дамуындағы олардың рөлін арттыру.