9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау өтті
Абай облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының (бұдан әрі – Орталық) жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 6–7 қаңтар күндері
9–11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
теориялық білімдері мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету;
жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету;
дарынды оқушыларды анықтауға жағдай жасау;
халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау;
Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру.
Олимпиаданың облыстық кезеңі Семей қаласындағы:
«Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы “Жас Ұлан” арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ;
«Экономикалық лицей» КММ
базаларында өткізілді.
Олимпиадаға аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінен өткен Абай облысының жалпы білім беру ұйымдарының 9–11-сыныптарында білім алатын 500-ге жуық оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – 39 оқушы;
ІІ орын – 85 оқушы;
ІІІ орын – 129 оқушы