Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңі өтеді

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңі өтеді

Дарын Орталығы

 Зияткерлік ойынының мақсаттары мен міндеттері:

оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау;

- Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру;

      - оқушылардың оқу әрекетін ынталандыру;

    -жоғары интеллектуалдық қабілеті бар, дайындығы жақсы әрі дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау; 

     -Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Өтетін орыны: Семей қаласы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ

Мекен-жайы: Семей қаласы, Қашағанова 1,  3 ғимарат

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын 11 сынып оқушылары арасында өткізіледі.

Облыстық кезең 2 турдан тұрады:

1)   І тур -тест сұрақтары 60 сұрақтан тұрады. Тестілеу уақыты – 75 минут.

2) ІІ тур -блиц- тур ең жоғарғы ұпай жинаған 10 оқушы қатысады.

ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына 2025 жылдың 17 қарашасында облыстық кезеңіне 100-ге жуық оқушы қатысады.