«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңі өтеді
Зияткерлік ойынының мақсаттары мен міндеттері:
- оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау;
- Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру;
- оқушылардың оқу әрекетін ынталандыру;
-жоғары интеллектуалдық қабілеті бар, дайындығы жақсы әрі дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау;
-Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
Өтетін орыны: Семей қаласы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ
Мекен-жайы: Семей қаласы, Қашағанова 1, 3 ғимарат
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын 11 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Облыстық кезең 2 турдан тұрады:
1) І тур -тест сұрақтары 60 сұрақтан тұрады. Тестілеу уақыты – 75 минут.
2) ІІ тур -блиц- тур ең жоғарғы ұпай жинаған 10 оқушы қатысады.
ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына 2025 жылдың 17 қарашасында облыстық кезеңіне 100-ге жуық оқушы қатысады.