Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

"Менің сүйікті кітабым" Республикалық челенджі өтті

"Менің сүйікті кітабым" Республикалық челенджі өтті

Дарын Орталығы

Республикалық ауқымды челлендж өтті!
Еліміздің 17 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаласы 💻 ZOOM платформасы арқылы басын қосқан үлкен шара куәгері болды! 🚀

Бұл игі шараға Абай облысынан:

🏫 №6 мектеп-гимназиясы;

📚 №12 ЖОББМ оқушылары мен ұстаздары;

🎓 Шәкәрім университетінің 4-курс студенттері қатысты.

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасымен 📖 бірлесе ұйымдастырылған басқосуда жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының «Дайағашшы» кітабы талқыланды. ✨

💡 Талқылау барысындағы негізгі құндылықтар:

🐎 Ұлттық болмыс: «Дайағашшы» және «Қар суымен кеткен жылқы» әңгімелері арқылы қазақтың жылқыға деген махаббаты, сабырлылық пен намыс қасиеттері сөз болды.

🤝 Қонақжайлылық: «Бөлінбеген енші» және «Ниет» шығармалары негізінде халқымыздың кеңдігі мен ниеттің тазалығы айтылды.

👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы құндылығы: «Баламнан өзімді, өзімнен әкемді көрем» және «Әжелер мектебі» әңгімелеріндегі әке беделі мен әжелер өнегесі сөз етілді.

🗣 Сөз құдіреті: «Сөздің үш түрі бар» және «Қайғының емі қайда еді» туындылары арқылы естірту, көңіл айту жоралғысы мен сөз мәдениетінің маңызы талқыланды.

🎭 Эстафета жолдау

Челлендж соңында Шымкент қаласы 🍎 келесі 2027 жылғы республикалық челленджді өткізу кезегін салтанатты түрде Абай облысына 📍 табыстады! 🤝🏆