"Менің сүйікті кітабым" Республикалық челенджі өтті
Республикалық ауқымды челлендж өтті!
Еліміздің 17 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаласы 💻 ZOOM платформасы арқылы басын қосқан үлкен шара куәгері болды! 🚀
Бұл игі шараға Абай облысынан:
🏫 №6 мектеп-гимназиясы;
📚 №12 ЖОББМ оқушылары мен ұстаздары;
🎓 Шәкәрім университетінің 4-курс студенттері қатысты.
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасымен 📖 бірлесе ұйымдастырылған басқосуда жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының «Дайағашшы» кітабы талқыланды. ✨
💡 Талқылау барысындағы негізгі құндылықтар:
🐎 Ұлттық болмыс: «Дайағашшы» және «Қар суымен кеткен жылқы» әңгімелері арқылы қазақтың жылқыға деген махаббаты, сабырлылық пен намыс қасиеттері сөз болды.
🤝 Қонақжайлылық: «Бөлінбеген енші» және «Ниет» шығармалары негізінде халқымыздың кеңдігі мен ниеттің тазалығы айтылды.
👨👩👧👦 Отбасы құндылығы: «Баламнан өзімді, өзімнен әкемді көрем» және «Әжелер мектебі» әңгімелеріндегі әке беделі мен әжелер өнегесі сөз етілді.
🗣 Сөз құдіреті: «Сөздің үш түрі бар» және «Қайғының емі қайда еді» туындылары арқылы естірту, көңіл айту жоралғысы мен сөз мәдениетінің маңызы талқыланды.
🎭 Эстафета жолдау
Челлендж соңында Шымкент қаласы 🍎 келесі 2027 жылғы республикалық челленджді өткізу кезегін салтанатты түрде Абай облысына 📍 табыстады! 🤝🏆