Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

"Мұражай және өлкетану жасақтарының сабақтастығы" атты экскурсиялық сабақ өтті

"Мұражай және өлкетану жасақтарының сабақтастығы" атты экскурсиялық сабақ өтті

Дарын Орталығы

"Мұражай және өлкетану жасақтарының сабақтастығы" атты экскурсиялық сабақ

📅 Өткізілген уақыты: 2025 жылдың 28–30 қазан аралығы

📍 Өткізілген орны: Қалалық білім мұражайы

👥 Қатысушылар саны: 130

🔷Іс-шараның мақсаты:

🔗​Экскурсиялық сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын терең танып-білуіне, мұражай ісі мен өлкетану жұмыстарын сабақтастыру арқылы тарихи сана мен патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталды.

🔹Сабақтың мазмұны:

🔗​Экскурсия барысында қатысушылар мұражай қорымен, тарихи және этнографиялық жәдігерлермен танысты. Мұражай қызметкерлері өлкенің даму тарихы, белгілі тұлғалар өмірі, табиғи және мәдени мұралар жайында мазмұнды ақпарат ұсынды.

​🔹Сондай-ақ өлкетану жасақтарының жұмысы таныстырылып, оқушыларға практикалық зерттеу элементтері – мәлімет жинау, сұхбат алу, жәдігерлерді сипаттау және фотоқұжаттау тәсілдері көрсетілді.

Нәтижесі:

🔹Іс-шара нәтижесінде қатысушылар:

- туған өлкенің тарихы мен мәдени құндылықтары жөнінде қосымша білім алды;

- мұражай ісі мен өлкетану бағытындағы жұмыстардың өзара байланысын түсінді;

- топтық жұмыс пен зерттеу дағдыларын дамытты;

- тарихи сана мен отансүйгіштік сезімдерін арттырды.

Қорытынды:

​“Мұражай және өлкетану жасақтарының сабақтастығы” атты экскурсиялық сабақ мазмұны мен ұйымдастырылуы жағынан танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары іс-шара болды.

​Іс-шара оқушылардың өлкетану саласына деген қызығушылығын арттырып, туған жердің мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті.