"Мұражай және өлкетану жасақтарының сабақтастығы" атты экскурсиялық сабақ өтті
"Мұражай және өлкетану жасақтарының сабақтастығы" атты экскурсиялық сабақ
📅 Өткізілген уақыты: 2025 жылдың 28–30 қазан аралығы
📍 Өткізілген орны: Қалалық білім мұражайы
👥 Қатысушылар саны: 130
🔷Іс-шараның мақсаты:
🔗Экскурсиялық сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын терең танып-білуіне, мұражай ісі мен өлкетану жұмыстарын сабақтастыру арқылы тарихи сана мен патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталды.
🔹Сабақтың мазмұны:
🔗Экскурсия барысында қатысушылар мұражай қорымен, тарихи және этнографиялық жәдігерлермен танысты. Мұражай қызметкерлері өлкенің даму тарихы, белгілі тұлғалар өмірі, табиғи және мәдени мұралар жайында мазмұнды ақпарат ұсынды.
🔹Сондай-ақ өлкетану жасақтарының жұмысы таныстырылып, оқушыларға практикалық зерттеу элементтері – мәлімет жинау, сұхбат алу, жәдігерлерді сипаттау және фотоқұжаттау тәсілдері көрсетілді.
Нәтижесі:
🔹Іс-шара нәтижесінде қатысушылар:
- туған өлкенің тарихы мен мәдени құндылықтары жөнінде қосымша білім алды;
- мұражай ісі мен өлкетану бағытындағы жұмыстардың өзара байланысын түсінді;
- топтық жұмыс пен зерттеу дағдыларын дамытты;
- тарихи сана мен отансүйгіштік сезімдерін арттырды.
Қорытынды:
“Мұражай және өлкетану жасақтарының сабақтастығы” атты экскурсиялық сабақ мазмұны мен ұйымдастырылуы жағынан танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары іс-шара болды.
Іс-шара оқушылардың өлкетану саласына деген қызығушылығын арттырып, туған жердің мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті.