Зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті
🏛️Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 19-20 қараша күндері (8-11)12 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті.
🔬Негізгі мақсаты – оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
🧪Конкурстың міндеттері:
1) Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
2) Ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау;
3) Оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау;
4) Оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мәлелеріне қоғамның назарын аудару және ғылыми-зерттеу ресурстаын тарту.
🧬Облыстық конкурстың қатысушылары аудандық/қалалық конкурстық іріктеу кезеңдерінен өткен Абай облысының жалпы білім беру мекемелерінің (8-11)12 сыныптарының оқушылары.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңіне 244 оқушы, 200-ден астам жоба қатысты.
🌡️Облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Жаратылыстану-математика бағыты бойынша
90 -ға жуық қатысушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 60-тан астам жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.