ui.news.categories.Хаттама
«Интеллектуалды элитаны қалыптастыру стратегиясы: Мектеп менеджменті, цифрлық инновациялар және қосымша білім беру интеграциясы» облыстық семинары
09.06.2026 15:24
📍Мақсаты: Абай облысының білім беру ұйымдарында олимпиадалық қозғалысты басқарудың тиімді жүйесін құру, цифрлық инновациялар мен STEM-технологияларды енгізу және мектеп пен қосымша білім беру интеграциясы арқылы бәсекеге қабілетті интеллектуалды элитаны қалыптастыру стратегиясын айқындау.
🔸2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздің «Қазақстанның 100 үздік олимпиадалық мектебі» рейтингіне облысымыздың 3 бірдей мекемесі еніп отыр.
Олар: Абай облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты» “Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы” және Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Сасан би атындағы орта мектебі». Бүгінгі семинарда осы озық мектептердің менеджменттік құпияларын ортаға салынып, еркін диалог форматында талқыланды.
🔸Модератор: Ныязбекова Жадыра Ныязбековна, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК директоры
Спикерлер:
🔹Ғайнолла Сейтуғали Сеитқажыұлы, «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім инновация-лицей-интернаты» КММ директордың ақпараттық істер жөніндегі орынбасары
🔹Карамендин Олжас Сабитович, «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ директоры
🔹Мендығалиев Ақжол Мендығалиұлы, «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ директоры
🔹Думан Дархан Думанұлы, «Жарма ауданы білім бөлімінің «Бақыршық орта мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі
🔹Тұрсынбеков Айдос Асқатұлы, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК әдіскері
🔹Шапатов Канат Муратович, «Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы» КМҚК директоры.
Ұқсас материалдар
ui.news.categories.Хаттама
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында XXVIII республикалық «Абай оқулары»
ui.news.categories.Хаттама
«Қазақстанның жас жазушысы» республикалық байқауының облыстық кезеңі
ui.news.categories.Хаттама
«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі
ui.news.categories.Хаттама
«Өнер бейбітшілік елшісі ретінде» атты халықаралық (офлайн + онлайн) конференция