ui.news.categories.Хаттама

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында XXVIII республикалық «Абай оқулары»

12.06.2026 16:17
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында XXVIII республикалық «Абай оқулары»
⚜️Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп, 21-24 маусым аралығында Семей қаласы мен Абай ауданында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсы (бұдан әрі-Абай оқулары) өткізеді.
📍Абай оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері: қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ережеге сәйкес, Абай оқулары үш кезеңде өткізіледі: аудандық (қалалық), облыстық және республикалық. Республикалық кезеңге облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 130-дан астам оқушы қатысады. Әр командада 5 оқушыдан (әр номинация бойынша - 1 оқушы) және 1 жетекшіден болады. Республикалық Абай оқулары қазақ тілінде бес номинация бойынша өткізіледі:
1 номинация - «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу конкурсы.
2 номинация - ⁠«Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.
3 номинация - ⁠«Әнді сүйсең менше сүй» номинациясында оқушының Абай және Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.
4 номинация - «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша оқушылардың өз өлеңдері бағаланады.
5 номинация - «Сөз өнеріндегі Ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша оқушы Абай туралы көркем туындыларды толық білуі, талдау жасай алуы керек.

Ұқсас материалдар

Басты Іздеу Олимпиада Байланыс