ui.news.categories.Жаңалық
2026 FIRST® LEGO® League Asia Open Championship халықаралық жарысында Семей “Білім-Инновация” лицейінің командасы жүлделі II орынға ие болды!
17.08.2026 11:19
Лицейіміздің “SBIL•LION•AIRES” командасы халықаралық аренада тағы бір биікті бағындырды! 🇰🇿🏆
13–16 маусым күндері Қытайдың Бейжің қаласында өткен 2026 FIRST® LEGO® League Asia Open Championship халықаралық жарысында Семей “Білім-Инновация” лицейінің командасы жүлделі II орынға ие болды! 🥈
Ауқымды додаға 25 елден 375 команда және 3500-ге жуық оқушы қатысты.
Жоғары деңгейдегі бәсекеде үздіктер қатарынан көрінген “SBIL•LION•AIRES” командасын шын жүректен құттықтаймыз! 👏
Абай облысының Семей қаласының атын халықаралық аренада асқақтатқан жетістіктерің көп болсын! Біз сендермен мақтанамыз!
Ұқсас материалдар
ui.news.categories.Жаңалық
Абай облысының білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі өткізілді
ui.news.categories.Жаңалық
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында XXVIII республикалық «Абай оқулары» аяқталды
ui.news.categories.Жаңалық
«Еститін мемлекет» құралдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қағидаттары талқыланды