Мұғалімдерге
«Жетістікке жету өз қолыңда» жобасы аясында 2024 жылдың дарынды оқушыларымен «Жеңіске жету траекториясы» тақырыбында ZOOM платформасында облыстық вебинар (онлайн-кездесу) өткізді.
28.09.2026 14:11
Кездесудің мақсаты жеңімпаз оқушыларды ұлықтау, қолдау, олардың жеңіс жолындағы өз іс-тәжірибесін жариялау, ой алмасу, тыңдарман оқушылардың мотивациясын арттыру болып табылды.
Онлайн-кездесуде 2024 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалар мен шығармашылық байқаулар, орындаушылар конкурстарының, спорттық жарыстардың жеңімпаздары үздік жетекшілер мен оқушылардың кеңестерін тыңдап, ой бөлісті.
Баяндаушылар дарындылық, талант ұғымдарын ашып, олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарымен, дарынды оқушымен жұмыс жоспарымен, дайындық жүйесімен таныстырды.
Облысымыздың оқушыларына «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып, биік шыңдарды бағындыруға тілектеспіз.