Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

(сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)Абай облысы бойынша департаменті мен Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық  пенқосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының бірлесе жұмыс жүйесінің кешенді жоспары аясында 2024 жылдың 26 қыркүйегінде жалпы білім беретін мектептер мен облыстың мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптар арасында өтетін «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» облыстық мәнерлеп оқу байқауын өткізеді. 

            Конкурстың мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру, балаларды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып мәдениетке баулу.

        Байқау: 26 қыркүйек күні қашықтықтан өткізіледі. 

        Байқаудың қорытындысы БАҚ және abai_daryn_ortalygy инстаграмында жарияланады.