Жазбаларды көрсету 121-140 из 321.

6-11 сынып оқушылары арасында 2024 жылдың сәуір айының 18-19 күндері дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық білім байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау; Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, жәдігерлерді насихаттау.

«Қ. И. Сәтбаев және бүгінгі Қазақстан » республикалық конкурсының облыстық кезеңі 2024 жылғы 15 сәуір күні қашықтан өтті.

Байқауға Семей қаласы және облысымыздың мамандандырылған мектептерінен, Абай, Ақсуат, Жарма, Үржар аудандарынан 30-ға жуық жұмыс түсті.

Абай облысының «Қосымша білім беру ұйымдарының қызметі бойынша үздік кейстер» конкурсы 2024 жылдың 17 сәуірінде Семей қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы» КМҚК өткізілді.

Қосымша білім беру ұйымдарының 24 мекемесі қатысып, ұйымының қызметі туралы үздік кейсті, қала сыртындағы жазғы лагерьді заманауи трендтерді ескере отырып, бейнероликпен немесе презентациямен сүйемелдеумен трансляциялау бойынша PechaKuch (“Печа-куча”) форматында 5 минуттық сөз сөйлеу бойынша таныстырылды.

7-17 жас аралығындағы оқушылар арасында «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» облыстық сурет байқауын бірлесіп өткізді.

Конкурстың мақсаты: оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

«Дарын» орталығының Жер елшілерімен жастар одағы бірлесе отырып «Семей орманы - менің орманым» экологиялық ағаш отырғызу акциясын өткізді.

Акция мақсаты: «Қазақстандық патриотизмді, ұлттық – мемлекеттік сезімді бірегейлік пен ұлттық бірлікті нығайту», сондай-ақ ағаш отырғызу арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру.

Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай ауыл мектеп оқушылары арасында облыстық қашықтықтан жарыс өтті.

Жарыстың мақсаты: - өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілердің әскери-қолданбалы дайындығын жетілдіру; - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығымен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру.

Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі 12 сәуір күні өтеді.

Байқауға қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, оны поэтикалық тұрғыда талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді көркем мәнерлеп оқитын қабілеті, әрі ақындық талабы бар облыстық байқаудың жүлдегері болуы шарт.

Халықаралық құстар күніне орай Облыстық балалар биологиялық орталығымен бірлесіп, «Ең креативті құс ұясы» облыстық экологиялық байқау өтті.

🔰Байқаудың мақсаты: ▫️Оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу; ▫️көркем шығармашылығын дамытуға деген ұмтылысын ояту; ▫️құстарды қорғау және қорғау бойынша шығармашылық және практикалық қызметке тарту;

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, “Құрмет” орденініңиегері Қанипа Бітібаева атындағы қазақтілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаеваның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау.

«Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңі 2024 жылдың 10 сәуірінде Семей қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында өткізілді.

Байқауда аудандық, қалалық кезеңінің 33 жеңімпазы атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 8 - 11 сыныптарының оқушылары өз бақтарын сынады.

8-11 сынып оқушылары арасында Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығына орай шығарма жазудан «Қ. И. Сәтбаев және бүгінгі Қазақстан» республикалық конкурсының аудандық кезеңі

Іс-шараның мақсаты: патриотизмді дамыту, білім алушыларды өз мемлекетінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау және қолдау.