Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе,зымыран,көлік,кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңі өтеді

🔻Жарыс аясында 24 сәуір күні 14:00 де “Қосымша білім берудегі ғылыми-техникалық шығармашылықтың маңыздылығы” атты семинар-практикум өтеді.

🔰Негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.

♦️Жарыстың міндеттері:

🔸1) әр түрлі өңірлердің білім алушылары мен педагогтерінің тәжірибе алмасуына жағдай жасау;
🔸2) техникалық шығармашылық бойынша үздік жұмыс тәжірибесін насихаттау;
🔸3) балаларды инновациялық ғылыми-техникалық шығармашылыққа тарту;
🔸4) инновациялық технологиялар саласында жаңа құзыреттілікті қалыптастыру;
🔸5) техникалық шығармашылық және өнертапқыштық саласында оқитын дарынды, талантты білім алушыларды анықтау;
🔸6) топпен шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
🔸7) іс-шаралар арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.

🔹Облыстық жарыстың қатысушылары аудандық/қалалық жарыстың іріктеу кезеңдерінен өткен Абай облысының жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары.

🔹Өтетін мекен-жайы: Семей қаласы, Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы, Абай көшесі 73, 🔹Байланыс телефоны: +7 701 338 4055
🔹e-mail: qosimsha.bilim.abai@mail.ru