Жазбаларды көрсету 1-8 из 8.

2024 жылдың 30-31 қаңтары күндері Атырау облысында мамандандырылған мектептер базасында «Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас және үздік тәжірибелер» тақырыбында кеңейтілген оқу- әдістемелік кеңесі басталды

Кеңес жұмысына облыстардың білім басқармаларының өкілдері, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталықтарының, республикадағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің директорлары қатысуда.

2023 жылғы 26 желтоқсан күні жыл бойы жетістікке жеткен дарынды балаларды ынталандыру және қолдау мақсатында Абай облысының әкімі Нұрлан Тельманұлы Ұранхаевпен кездесу өтті

Кездесуге халықаралық, республикалық зияткерлік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстар мен чемпионаттардың жеңімпаз-жүлдегерлері атанған Абай облысының 50 жас дарыны қатысты.

Абай облысында ҚР Президентінің шыршасы өтті

Бүгін еліміздің барлық облыстарында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты басты жаңа жылдық іс-шарасы өтті. Семей қаласында ұйымдастырылған мерекелік жиынға Абай облысының әр ауданы мен қаласынан 200 бала қатысты