✅Семей Орманы резерваты ұйымдастыруымен “ Жер Елшілері” мен Барнауыл, Өскемен, Павлодар, Алматы, Семей қалаларының оқушылары арасында “Қоршаған ортаны сақтауда робототехниканың әсері” тақырыбында телекөпір өтті.
Абай облысы білім басқармасы 2024 жылдың 5 маусымында Семей қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында “Болашаққа жол” облыстық форумын өткізді.
🔰Форумға қатысушылар:
2024 жылдың 5 маусымында “Табиғатты аяла” жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистердің республикалық форумы өтті.
Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне баулу, туған өлкенің табиғатына экологиялық мәдениет пен экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу, балаларды қосымша біліммен қамту.
Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының арасындағы үздік аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл мекен-2024» облыстық байқауы өтеді
🔰Мақсаты – мектепке дейінгі тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларының экологиялық білім деңгейін арттыру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
«Жол қауіпсіздігін сақтайық!» «Жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары» танымдық ойындары өткізілді.
🔰Ойындарды негізгі мақсаттары: 1) тіршілік қауіпсіздігі мәселелерін оқыту; 2) балалардың ойнауына байланысты туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу; 3) жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру; 4) жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Облыстық “Жас жұлдыз” балалар шығармашылық фестивалі өтті.
⚜️Абай облысының орта білім беретін ұйым оқушылары, балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің 50 ге жуық білім алушылары қатысты.
“ Жер Елшілері” - экология министрлері, дебат мүшелері 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балаңыздың қауіпсіздігі-сіздің қолыңызда» акциясын өткізді.
🔰Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында балалардың суға шомылу,орманға бару, қалада саяхаттау кезіндегі қауіпсіздік шараларын және қоршаған ортаның тазалығын сақтауы бойынша әзірленген жадынамалар ата-аналар мен оқушыларға үлестірді.
2024 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жақсылық пен қауіпсіздік әлемінде» тақырыбында жас жол қозғалысы инспекторлар жасақтарының қойылымы өтті.
🔰Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін бекіту және жол жарақатының алдын алу.
1 маусым «Балаларды қорғау» күніне арналған шағын футболдан 3-4 сынып оқушылары арасында Облыстық турнир өтті. Турнирге 5 команда, жалпы 50 спортшы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша нәтижелер төмендегідей бекітілді:
Семей қалалық Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы «Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп «Қуаныш пен көңілді мереке» ойын-сауық бағдарламасын өткізді.
🔰Мерекелік іс-шараға «Авэль» көркем-өнер студиясының тәрбиеленушілері, кітапхананың балалар үйірмелерінің қатысушылары, мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары қатысты. Барлығы 100-ге жуық бала қамтылды.
Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары - жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының қорытындысы.
Фестиваль-байқаудың мақсаты: оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру, заманауи қоғамда музыкалық өнерді насихаттау, музыкалық өнер мен білім берудегі жаңа прогрессивті үрдістермен классикалық дәстүрлердің өзара әрекеттесуін іздеу, балалар музыка мектептері мен өнер мектептерін дамыту, білім алушылардың тұлғасын тәрбиелеудегі, оқытудағы және шығармашылық дамуындағы олардың рөлін арттыру.
2024 жылдың төртінші тоқсанында “Туған өлкем” фестивалі Білім Министрлігінің “4 тоқсан - 4 өнер” жобасына сәйкес Абай облысында өтті.
🔗Фестивальдің мақсаты: экологиялық сауаттылық пен сана, өскелең ұрпақтың табиғатына қатысты азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
2024 жылдың 23 мамыр күні Семей қаласы білім бөлімінің «№ 44 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоспарға сәйкес Облыстық «Біз біргеміз» атты мектеп Парламенті көшбасшыларының слеті өтті.
🔰Слеттің ашылуы “Абай жастары” жастар ресурстық орталығының бөлім меңгерушісі Молдақашев Қуаныш Панарбекұлының құттықтау сөзімен басталды.