Жазбаларды көрсету 641-660 из 753.

2024 жылдың 30-31 қаңтары күндері Атырау облысында мамандандырылған мектептер базасында «Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас және үздік тәжірибелер» тақырыбында кеңейтілген оқу- әдістемелік кеңесі басталды

Кеңес жұмысына облыстардың білім басқармаларының өкілдері, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталықтарының, республикадағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің директорлары қатысуда.

ХІХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша жарыс басталды.

Конкурс қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, медицина, психология, экология, технология және өнер секциялары бойынша өтуде.

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ 8 ОҚУШЫСЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Республикалық олимпиадада 10-11 сынып аралығындағы ауыл мектептерінен 165 оқушы жеңімпаз атанды. Абай облысынан білім додасына 18 оқушы қатысып, 8-і жүлделі орындармен марапатталды.

Алматы қаласында Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиадасы өтті

2024 жылғы 8-13 күндері Алматы қаласында Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиада өтті. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды әлемнің 14 елінен 55 команда, 600-ге жуық оқушы қатысты.

«Заманауи сын-қатерлер жағдайындағы педагогикалық білім берудің сапасы: идеядан нәтижеге» DARYN EDUEVENT республикалық фестивалі өтті

DARYN EDUEVENT бағдарламасына мамандандырылған білім беру ұйымдарының мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, педагог – психологтары қатысты.