Жазбаларды көрсету 61-80 из 421.

Семей қалалық Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы «Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп «Қуаныш пен көңілді мереке» ойын-сауық бағдарламасын өткізді.

🔰Мерекелік іс-шараға «Авэль» көркем-өнер студиясының тәрбиеленушілері, кітапхананың балалар үйірмелерінің қатысушылары, мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары қатысты. Барлығы 100-ге жуық бала қамтылды.

«Жол қауіпсіздігін сақтайық!» «Жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары» танымдық ойындары өткізілді.

🔰Ойындарды негізгі мақсаттары: 1) тіршілік қауіпсіздігі мәселелерін оқыту; 2) балалардың ойнауына байланысты туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу; 3) жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру; 4) жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

“ Жер Елшілері” - экология министрлері, дебат мүшелері 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балаңыздың қауіпсіздігі-сіздің қолыңызда» акциясын өткізді.

🔰Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында балалардың суға шомылу,орманға бару, қалада саяхаттау кезіндегі қауіпсіздік шараларын және қоршаған ортаның тазалығын сақтауы бойынша әзірленген жадынамалар ата-аналар мен оқушыларға үлестірді.

Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары - жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының қорытындысы.

Фестиваль-байқаудың мақсаты: оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру, заманауи қоғамда музыкалық өнерді насихаттау, музыкалық өнер мен білім берудегі жаңа прогрессивті үрдістермен классикалық дәстүрлердің өзара әрекеттесуін іздеу, балалар музыка мектептері мен өнер мектептерін дамыту, білім алушылардың тұлғасын тәрбиелеудегі, оқытудағы және шығармашылық дамуындағы олардың рөлін арттыру.

2024 жылдың төртінші тоқсанында “Туған өлкем” фестивалі Білім Министрлігінің “4 тоқсан - 4 өнер” жобасына сәйкес Абай облысында өтті.

🔗Фестивальдің мақсаты: экологиялық сауаттылық пен сана, өскелең ұрпақтың табиғатына қатысты азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Астана қаласында 21-22 мамыр күндері «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының республикалық кезеңі өткізілді.

әстүрлі «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы 12-рет өткізілді. Елдің әр аймағында өткен білім бәйгесінде 2000-ға жуық оқушыдан оқ бойы озып шыққан 200-ден астам дарынды жас Астанада тіл мықтыда кім мықтыны анықтады. Жеңімпаздар Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театрында марапатталды.

Астана қаласында өткен 7-8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы

Олимпиаданың мақсаты - жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру, жасөспірімдерді жоғары деңгейдегі олимпиадаларға даярлау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру.

Семей қаласының «№12 ЖОББМ» КММ және «№47 ЖОББМ» КММ спорт алаңдары мен спорт залында «Дене шынықтыру» пәні бойынша Республикалық Олимпиаданың облыстық кезеңі өтті

🔰Жарыста қаладан және аудандардан 5-6, 7-8 сынып командалары теория, гимнастика, волейбол, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика түрі бойынша бақтарын сынады.

«Төтенше жағдай» департаментімен мектеп парламентінің құрамындағы төтенше жағдай министрлерінің кездесуі өтті.

🔰Кездесу барысында Асылбек Бақытбекович Төтенше жағдайлар орын алғанда қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керектігін түсіндірді.

«Оқу-далалық (лагерлік) жиындарды өткізу әдістемесі мен ерекшеліктері» тақырыбында семинар-практикум

Семинар-практикум Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК және Бородулиха ауданының білім бөлімі ұйымдастырды.