Жазбаларды көрсету 1-11 из 11.

Ертең “Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі өтеді

⚜️Байқаудың мақсаты: көркемдік қызметпен айналысу үшін жоғары уәждеме жасау, бейнелеу шығармашылығы саласындағы жас таланттарды қолдау, балалар мен жасөспірімдерді олардың даралығын, бастамашылығын ашу үшін ынталандыру, балаларды қосымша біліммен қамту.

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе,зымыран,көлік,кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңі өтеді

Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2024 жылғы 25 сәуір күні сағат 09:00-де техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізеді.

Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі 12 сәуір күні өтеді.

Байқауға қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, оны поэтикалық тұрғыда талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді көркем мәнерлеп оқитын қабілеті, әрі ақындық талабы бар облыстық байқаудың жүлдегері болуы шарт.

8-11 сынып оқушыларына арналған «Шыңғыстаудың Шәкірі» атты шығармашылық байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты: «Шыңғыстаудың Шәкірі» атты байқауының мақсаты - жас қатысушылардың зерттеушілік дағдыларын жетілдіру, инновациялық идеяларын кеңейту.

Қазақстан Композиторлар Одағының 85 жылдығын мерекелеу аясында ағымдағы жылдың 01-02 наурыз күндері еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Теміржан Базарбаев атындағы IV Халықаралық фестиваль-конкурсы өтті.

Ұйымдастырушылар: Семей қаласының білім бөлімінің” Балалар өнер мектебі “КМҚК Абай облысының білім басқармасы, Қазақстан Композиторлар одағының қолдауымен, “Абай облысының білім басқармасы” ММ “Дарын”дарындылықты және қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы” КМҚК