Жазбаларды көрсету 221-240 из 320.

ХІХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша жарыс басталды.

Конкурс қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, медицина, психология, экология, технология және өнер секциялары бойынша өтуде.

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ 8 ОҚУШЫСЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Республикалық олимпиадада 10-11 сынып аралығындағы ауыл мектептерінен 165 оқушы жеңімпаз атанды. Абай облысынан білім додасына 18 оқушы қатысып, 8-і жүлделі орындармен марапатталды.

Алматы қаласында Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиадасы өтті

2024 жылғы 8-13 күндері Алматы қаласында Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиада өтті. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды әлемнің 14 елінен 55 команда, 600-ге жуық оқушы қатысты.

«Заманауи сын-қатерлер жағдайындағы педагогикалық білім берудің сапасы: идеядан нәтижеге» DARYN EDUEVENT республикалық фестивалі өтті

DARYN EDUEVENT бағдарламасына мамандандырылған білім беру ұйымдарының мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, педагог – психологтары қатысты.

Жалпы білім беретін ұйымдардың және мамандандырылған мектептердің 7-10 сынып оқушылары арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» облыстық бейнеролик конкурсын өткізді.

🔵Мақсаты: ▫️- Қазақстан Республикасында іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау; ▫️- қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне назар аудару; ▫️- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру.

1-11 сынып оқушылары арасында «Парасатты отбасы» атты облыстық видеороликтер конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу, отбасы құндылықтарын құрметтеу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып балаларды мәдениетке баулу.

«Адалдық–адамдық белгісі» атты облыстық мәнерлеп оқу конкурсын өткізді

Мақсаты: жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, балаларды мәнерлеп оқуға баулу.

Абай облысының командасы Индонезияда өткен Әлем чемпионатында 3-орынды иеленді

«USTEM Robotics – Қазақстан және Орта Азия Робототехника дамыту» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен чемпионатта еліміз бойынша 140 команда бақ сынасқан болатын. Абай облысының намысын қорғап Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия оқушылары мен Электротехникалық колледж студенттері қатысып Әлем чемчионатына жолдама алған.